Қылмыстық сот ісін жүргізу
Қылмыстық процестің міндеттері - қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтарап, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауын және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау. Сотқа дейінгі іс жүргізу - сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап прокурор қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібергенге не іс бойынша іс жүргізу тоқтатылғанға дейінгі іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы. Басты сот талқылауы - бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы.
Айыптау тәртібі
- Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық қудалау және сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады ҚР ҚПК-нің 32-бабы