Азаматтық сот ісін жүргізу
Соттар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен бұзылған немесе дауланатын құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы істерді қарайды және шешеді, егер ҚР АПК-не және басқа да заңдарға сәйкес оларды қорғау өзге тәртіппен жүзеге асырылмаса.
ЖАУАПКЕРДІ ДАЙЫНДАУ АЛГОРИТМІ
Жауапкерлер деп өздеріне талап қойылған азаматтар мен заңды тұлғалар танылады.
Сот процесіне жауапкер ретінде қатысу
Сот процесіне жауапкер ретінде іс жүзінде қатысу соттылықтың түріне және талаптың қай сотқа берілгеніне қарай айқындалады.
ҚР АПК-не сәйкес жауапкерге талап мына сотқа берілуі мүмкін:
- жауапкердің орналасқан жері бойынша ҚР АПК-нің 29-бабы
- талап қоюшының таңдауы бойынша ҚР АПК-нің 30-бабы
- айрықша соттылық шеңберінде ҚР АПК-нің 31-бабы
- шарттық соттылық шеңберінде ҚР АПК-нің 32-бабы
- өзара байланысты бірнеше істің соттылығы шеңберінде ҚР АПК-нің 33-бабы
Тиісті емес жауапкер
Жауапкерді ауыстыруға бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жол беріледі.
Сот талаптың ол бойынша жауап беруге тиіс емес тұлғаға берілгенін анықтаса, талап қоюшының өтінішхаты бойынша істі тоқтатпай, тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға жол бере алады.
Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға келіспесе, сот істі берілген талап бойынша қарайды және шешеді.
Соттағы өкілдік
Азаматтар сотта өз істерін жеке өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы.
Азаматтың іске жеке қатысуы оның осы іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
- Сотта тапсырма бойынша өкілдер ретінде ҚР АПК-нің 58-бабында көрсетілген тұлғалар бола алады ҚР АПК-нің 58-бабы
- Заңды өкілдердің өкілеттіктері ҚР АПК-нің 62-бабында бекітілген ҚР АПК-нің 62-бабы
Заң көмегін алуға қатысты жалпы ұсынымдар
Заң көмегін:
— адвокат;
— заң консультанты көрсете алады.
Адвокаттар мен заң консультанттары туралы ақпарат алуға арналған цифрлы ресурстар:
- Республикалық адвокаттар алқасының сайты: https://advokatura.kz/ru/ — аумақтық адвокаттар алқаларының беттеріне сілтемелер бар https://advokatura.kz/ru/territorial-nye-kollegii-advokatov. Сілтеме арқылы аумақтық адвокаттар алқасы туралы ақпаратты көруге болады, онда: алқа төрағасы, байланыс деректері және алқа адвокаттарының тізімі қамтылған, тізімде адвокаттың Т.А.Ә. туралы ғана мәліметтер көрсетілген (байланыс деректері көрсетілмеген). — сайтта «азаматтарға» деген қойынды (бөлім) бар, онда мемлекет кепілдік берген заң көмегі, кешенді әлеуметтік көмек туралы қысқаша ақпарат және жадынама орналастырылған. — «Е-Заң көмегі» ресурсына гиперсілтеме бар https://eup.adilet.gov.kz/#/home#mainsection. Бұл цифрлық ресурс азаматтардың заң көмегін алуын жеңілдетеді. Ресурс бетінде мына қойындылар орналастырылған: а) «қызметтер» — онлайн консультация алуға немесе заңгер табуға болады; б) «құжаттар үлгілері» — қажетті құжаттың үлгісін табуға болады; в) «тізілімдер» — заң консультанттары палаталарының тізілімі; заң консультанттарының тізілімі; аумақтық адвокаттар алқаларының тізілімі; адвокаттар тізілімі қамтылған. Республикалық адвокаттар алқасының сайты
- Республикалық заң консультанттары алқасының сайты: https://rcla.kz/ru, онда мына қойындылар бар: — «заң консультантын табу» — аумақтық заң консультанттары палаталарына бағыттайды; — «азаматтарға» — «заң көмегін алу қадамдары» ұсынылады. Республикалық заң консультанттары алқасының сайты
Қарсы талап
Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талаппен бірге қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап беруге құқылы.
- Қарсы талапты беру, қайтару, оны қабылдаудан бас тарту ҚР АПК-нің 148, 151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады ҚР АПК-нің 148, 151 және 152-баптары
- Егер жауапкер істі сот талқылауына дайындаудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланбауына байланысты істі сот талқылауына дайындау сатысына қатыспаса, қарсы талап сот талқылауы барысында қабылдануы мүмкін ҚР АПК-нің 153-бабы
Қарсы талапты қабылдау шарттары
Судья қарсы талапты мына жағдайларда қабылдайды:
- қарсы талап бастапқы талапты есепке жатқызуға бағытталса;
- қарсы талапты қанағаттандыру бастапқы талапты қанағаттандыруды толық немесе ішінара жоққа шығарса;
- қарсы және бастапқы талаптардың арасында өзара байланыс болып, оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым тез әрі дұрыс қарауға әкелсе.
Қарсы талапты қабылдаудан бас тарту
Талапты қабылдаудан бас тарту туралы мәселені судья талап келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шешеді.
Талапты қабылдаудан бас тарту талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талаппен сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтіреді.
Талапты қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
Судья талапты қабылдаудан мына жағдайларда бас тартады:
- арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
- сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде ҚР АПК-де көзделген негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;
- сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде төрелік шешім қабылданған болса және бұл сотқа белгілі болса;
- сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша атқарушылық жазба жасалған болса.
Қарсы талапты қайтару
- ҚР АПК-нің 152-бабында көрсетілген негіздер бойынша судья талапты қайтара алады ҚР АПК-нің 152-бабы
- Талапты қайтару, егер жол берілген бұзушылық жойылса, талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талаппен сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді ҚР АПК-нің 152-бабы
- Соттың талапты қайтару туралы ұйғарымына жекеше шағым берілуі, прокурор апелляциялық сатыдағы сотқа өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады ҚР АПК-нің 152-бабы
Қарсылық білдіру
- ҚР АПК-нің 38-бабында көрсетілген жағдайларда судьяға қарсылық білдірілуі мүмкін (осы істі бұрын қарауға қатысуы, туыстық қатынастары, мүдделілігі) ҚР АПК-нің 38-бабы
- ҚР АПК-нің 39-бабында көрсетілген жағдайларда прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін ҚР АПК-нің 39-бабы
- Қарсылық білдіру рәсімі ҚР АПК-нің 40-бабында көзделген ҚР АПК-нің 40-бабы
Істі сот талқылауына дайындау
Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданып, азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында оны сот талқылауына дайындайды.
Егер ҚР АПК-де және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
- Істі сот отырысына дайындаудың міндеттерімен ҚР АПК-нің 163-бабынан танысуға болады ҚР АПК-нің 163-бабы
Талаптың көшірмесін жауапкерге табыс ету
- Талап қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде судья ҚР АПК-нің 11-тарауында көзделген тәртіппен талаптың және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жауапкерге және үшінші тұлғаларға жібереді не табыс етеді, сондай-ақ жауапкерді белгіленген мерзімде талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді, ондағы дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса бере отырып ұсынуға міндеттейді ҚР АПК-нің 11-тарауы
- Егер жауапкер немесе іске қатысатын басқа тұлғалар сотқа талапқа қоса берілген құжаттарды алмағаны туралы мәлімдесе, сот олармен сотта танысуға жағдай жасайды, ал осы тұлғалар табыс ету туралы өтінішхат берген кезде талап қоюшыны аталған құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндеттейді ҚР АПК-нің 165-бабы
Талапқа пікір
Жауапкер сотқа талапқа қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды қоса бере отырып пікір, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Судья 3 жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді не табыс етеді.
Пікір талаптың көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Пікірдің мазмұны
Өкіл ұсынатын және қол қоятын пікірде қарсылықтар негізделген дәлелдемелерге және заң нормасына сілтеме болуға тиіс.
Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарауға қажетті телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Жауапкердің пікір мен дәлелдемелерді ұсынбауы істі іс материалдарында бар дәлелдемелер бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды.
Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса беріледі.
Электронды құжат нысанында берілген пікір жауапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылады.
Электронды құжат нысанында берілетін пікірге ҚР АПК-нің 166-бабында көрсетілген құжаттардың көшірмелері электронды нысанда қоса беріледі.
Пікірде мыналар көрсетіледі:
- талап қоюшының атауы, оның орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;
- жауапкердің атауы, оның орналасқан жері; егер жауапкер азамат болса, оның тұрғылықты жері көрсетіледі;
- мәлімделген талаптардың мәні бойынша оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасалған уәждер;
- пікірге қоса берілетін құжаттардың тізбесі.
Дәлелдеу міндеті
Әрбір тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғау құралдарын пайдалануға, фактілерді мәлімдеуге және даулауға, дәлелдемелер келтіруге және судья белгілеген, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін әрі іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған мерзімдерде дәлелдемелерге қарсы қарсылықтар білдіруге тиіс.
Жауапкердің сот процесіне дайындығы мыналарды қамтуы мүмкін
Жауапкердің сотқа дайындығы оның талаппен келісетініне немесе келіспейтініне байланысты.
Келіскен жағдайда бұл талапқа берілетін пікірде көрсетілуі мүмкін және тұтастай алғанда жауапкерді қосымша дайындау қажеттігін жояды.
Талаппен келіспеген жағдайда жауапкердің сот процесіне дайындығы мыналарды қамтуы мүмкін:
— іс бойынша өз ұстанымын негіздейтін дәлелдемелер жинау;
— іс бойынша жазбаша қарсылықтар дайындау;
— қажет болған жағдайда қарсы талап беріп, оған құжаттар жинау;
— талап қоюшының ықтимал сұрақтарын ойластырып, оларға жауаптар дайындау;
— қажет болған жағдайда сотқа өтінішхаттар дайындау (мысалы, сараптама тағайындау);
— сотқа қандай куәларды шақыруға болатынын ойластырып, соттан олардан жауап алуды сұрау.
Жауапкерді дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі — сот ісін талдау және істің ықтимал нәтижесін болжау. Мұндай болжамды (талдауды) адвокаттан (заң консультантынан) сұратуға болады, алайда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы адвокаттар мен заң консультанттарына істің жүз пайыздық нәтижесіне уәде беруге тыйым салады.
Істі талдаудың (оның нәтижесіне болжам жасаудың) балама тәсілі — жауапкердің дербес талдауы. Мұндай талдауға арналған ресурс — https://legalexpert.kz
Алдын ала сот отырысы
Істі сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардың істі сот талқылауына дайындау кезінде жасаған билік ету әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту, сондай-ақ сотқа жүгіну мерзімдері мен талап қою мерзімінің өтіп кету фактілерін зерттеу мақсатында алдын ала сот отырысы өткізіледі.
Татуластыру рәсімдері
Сот (судья) тараптарды татуластыру шараларын қабылдайды, процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдеседі, бұл үшін тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді.
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісін орындау кезінде жасалуы мүмкін.
Сот талқылауы
Азаматтық істі қарау мерзімі оның нақты күрделілігіне және іске қатысатын тұлғалардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
Азаматтық істер сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 2 айға дейінгі мерзімде сотта қаралады және шешіледі.
- Сот талқылауының мерзімдерімен толығырақ ҚР АПК-нің 183-бабынан танысуға болады ҚР АПК-нің 183-бабы
- Сот отырысында ҚР АПК-нің 187-бабына сәйкес тәртіп сақталуға тиіс ҚР АПК-нің 187-бабы
Сот шешімі
Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы соттың сот актісі шешім нысанында шығарылады.
Егер шешімге шағым берілмесе немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, бірінші сатыдағы соттың шешімі апелляциялық шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.
- Бірінші сатыдағы сот шешімінің заңды күшіне енуінің өзге мерзімдерімен ҚР АПК-нің 240-бабынан танысуға болады ҚР АПК-нің 240-бабы
- ҚР АПК-нің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын бірінші сатыдағы сот шешімдерінің түрлері көзделген ҚР АПК-нің 243-бабы
Шығыстарды тараптар арасында бөлу
Жалпы қағида бойынша пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот екінші тараптан іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын өндіріп береді.
Егер талап ішінара қанағаттандырылса, шығыстар талап қоюшыға сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге талап қоюшыға талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде беріледі.
- Шығыстарды тараптар арасында бөлудің өзге шарттары ҚР АПК-нің 109-бабында көзделген ҚР АПК-нің 109-бабы
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату
- Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері ҚР АПК-нің 277-бабында көзделген ҚР АПК-нің 277-бабы
Талапты қараусыз қалдыру
- Талапты қараусыз қалдырудың негіздері ҚР АПК-нің 279-бабында көзделген ҚР АПК-нің 279-бабы
Апелляциялық шағым жасау
Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі.
ҚР АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап 1 ай ішінде, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар шешімнің көшірмесі оларға жіберілген күннен бастап берілуі мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы сотта іс, ҚР АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, сотқа келіп түскен күннен бастап 2 ай мерзімде қаралады.
- ҚР АПК-нің 52-тарауында көзделген қағидаларға сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруі мүмкін ҚР АПК-нің 52-тарауы
- Апелляциялық шағым беру немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот ҚР АПК-нің 126-бабында көзделген тәртіппен қарайды ҚР АПК-нің 126-бабы
- Апелляциялық шағымның мазмұнына қойылатын талаптар ҚР АПК-нің 404-бабында қамтылған ҚР АПК-нің 404-бабы
Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
- Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің негіздері мен тәртібі ҚР АПК-нің 54-тарауымен айқындалған ҚР АПК-нің 54-тарауы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот актілерін қайта қарау
- Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің негіздері мен тәртібі ҚР АПК-нің 54-1-тарауымен айқындалған ҚР АПК-нің 54-1-тарауы