Сот процестеріне дайындық жүйесі

Наследственные споры (истец) КК

Талап қою

Талаптың түріне қарай сотқа талап қоюдың процестік ерекшеліктері көзделген.

Талаптың нысаны мен мазмұны

Талап бірінші сатыдағы сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
 
Арызда мыналар көрсетілуге тиіс:

  1. талап берілетін соттың атауы;
  2. талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банктік деректемелері; егер арызды өкіл берсе, өкілдің атауы және оның мекенжайы. Арызда талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы, егер олар бар болса, көрсетілуге тиіс;
  3. жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса), ал егер жауапкер заңды тұлға болса, оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері (егер олар талап қоюшыға белгілі болса) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Арызда жауапкердің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы, егер олар талап қоюшыға белгілі болса, көрсетілуге тиіс;
  4. азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап қоюшының заңды мүдделерін бұзудың не бұзу қаупінің мәні және талап қоюшының талаптары;
  5. талап қоюшы өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;
  6. егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібінің сақталғаны туралы мәліметтер;
  7. егер мұндай әрекеттер жасалған болса, тараптың (тараптардың) татуласуға бағытталған әрекеттері туралы мәліметтер;
  8. егер талап бағалауға жатса, талап қою бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немесе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
  9. талапқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

Талапқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі

ҚР АПК-нің 149-бабына сәйкес талапқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі көзделген.

Талапқа қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 4 «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы»
Іс санатыҚоса берілетін құжаттардың тізбесі
Мұраны бөлу туралы талап1. Талаптың көшірмелері
2. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат
3. Жеке куәліктің көшірмесі
4. Туыстық қатынастар фактісін растайтын құжат
5. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері
6. Мұраға құқық туралы куәліктің көшірмесі
Өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап1. Талаптың көшірмесі
2. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат
3. №_________ өсиеттің көшірмесі
4. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі
5. Ауру тарихынан үзіндінің көшірмесі
6. Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі
7. Жеке куәліктің көшірмесі
8. Туыстық қатынастар фактісін растайтын құжат
9. Өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат
Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану туралы талап1. Талаптың көшірмелері
2. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат
3. Жеке куәліктің көшірмесі
4. Туыстық қатынастар фактісін растайтын құжат
5. Қайтыс болған адам туралы куәліктің көшірмесі
6. Мүлікке қатысты құжаттардың көшірмелері
7. Өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат
Мұраға құқық туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап1. Талаптың көшірмесі
2. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат
3. Жеке куәліктің көшірмесі
4. Туыстық қатынастар фактісін растайтын құжат
5. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі
6. Мүлікке қатысты құжаттардың көшірмелері
7. Өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат
Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап1. Арыз берушінің жеке куәлігінің көшірмесі
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі
3. Арыз беруші мен мұра қалдырушының туыстық қатынастарын растайтын құжаттар
4. Мұраны қабылдау фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері
5. Нотариустың куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша жауабының көшірмесі
6. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі
7. Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек
Мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арыз1. Жеке куәліктің көшірмесі
2. Мұра қалдырушының қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі
3. Нотариустың мұраға құқық туралы куәлік беруден бас тартуы туралы анықтамасы
4. Мұраны қабылдау фактісін растайтын дәлелдемелер (мысалы, мүлікті жөндегені туралы анықтамалар, коммуналдық қызметтерді төлеу және т.б.)
5. Арыздың көшірмесі
6. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжаттың көшірмесі
Мұраны иесіз қалған мұра деп тану туралы арыз1. Талаптың көшірмелері
2. Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат
3. Жеке куәліктің көшірмесі
4. Туыстық қатынастар фактісін растайтын құжат
5. Қайтыс болу туралы куәліктің көшірмелері
6. Мұраның иесіз қалғанын растайтын мән-жайлар туралы құжат

Мемлекеттік бажды төлеу

Сотқа берілетін талаптардан мемлекеттік баж алынады.

Талап қою бағасы

Талап қою бағасын талап қоюшы көрсетеді.
 
Көрсетілген баға талап етілетін мүліктің нақты құнына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын судья айқындайды.
 
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар

Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға мыналар жатады:

  1. куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге жататын сомалар;
  2. сол жерде қарап-тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;
  3. заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;
  4. жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру жөніндегі шығыстар;
  5. іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығыстар;
  6. тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғаларды хабардар етуге және сотқа шақыруға байланысты шығыстар;
  7. тараптар мен үшінші тұлғалардың сотқа келуіне байланысты шеккен жол жүру және тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары;
  8. өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар;
  9. сот өтеуге жатады деп таныған өзге де шығыстар, оның ішінде кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде тараптар шеккен шығыстар.

Шығыстарды тараптар арасында бөлу

Жалпы қағида бойынша пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот екінші тараптан іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын өндіріп береді.
 
Егер талап ішінара қанағаттандырылса, шығыстар талап қоюшыға сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге талап қоюшыға талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде беріледі.

Талап қою нысаны

Талаптың қағаз нұсқасы сот кеңсесі арқылы беріледі.
 
Талаптың электронды нысаны «Сот кабинеті» арқылы беріледі https://office.sud.kz/new/
 
«Сот кабинеті» сервисі арыздарды, өтініштерді, шағымдар мен өтінішхаттарды беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сот органдарына хаттар жіберуге арналған. «Сот кабинеті» сервистерін пайдалану үшін сот ісін жүргізуге қатысушы Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, ҰКО ЭЦҚ-сын пайдалана отырып «Сот кабинетінде» тіркеу рәсімінен өтуі қажет.
 
Арыз беруші «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы сотқа электронды құжаттарды ұсынады. Сотқа электронды құжаттарды беру үшін «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу қажет. «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу электронды цифрлы қолтаңбаның немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің / бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады.
 
Арыз беруші жеке тіркелу рәсімінен өткеннен кейін электронды құжатты жіберу үшін қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізудің тиісті бөлімі арқылы сот сатысының мына түрлерінің бірін таңдайды:
1) бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;
2) апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу;
3) кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.
 
Сотқа берілетін электронды құжаттар мәтіндік форматта рәсімделеді (Times New Roman, 14 кегль, жоларалық интервал 1).
Әрбір электронды құжат электронды құжаттарды беру жүйесіне жеке файл түрінде жүктеледі.
Файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуге тиіс. Арыз беруші файлдарды *doc, *docx, *pdf, *jpeg, *xlsx форматтарында жүктейді. Әр файлдың ең үлкен көлемі 10 мегабайттан аспайды.
Жүктелгеннен кейін құжаттар арыз берушінің электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылады және автоматты режимде сот органдарының ақпараттық жүйесіне (СО АЖ)беріледі.
Электронды құжаттың жіберілгенін растау ретінде жіберу күні мен уақыты, бірегей нөмірі, сондай-ақ жіберуші мен алушының деректемелері көрсетілетін жіберу талоны қалыптастырылады.
 
Арыздың, шағымның, өтінішхаттың, пікірдің және басқа да құжаттардың тіркелу мәртебесі мен қаралу барысы «Менің істерім» бөлімінде қаралады.
«Менің істерім» бөлімінде мыналар көрсетіледі:
1) берілген құжаттарды қарау;
2) істің қаралу мәртебесі;
3) сот актілері
4) талап қою арызы туралы ақпарат
5) істің қаралу барысының динамикасы
 
Қажет болған жағдайда арыз беруші «Қосымша құжаттарды жіберу» функциясын пайдаланып, қажетті құжаттарды қосымша жібереді және (немесе) «Мемлекеттік баждың қосымша төлемін жіберу» функциясы арқылы мемлекеттік бажды қосымша төлейді.

Талапты қабылдаудан бас тарту

Талапты қабылдаудан бас тарту туралы мәселені судья талап келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шешеді. 
 
Талапты қабылдаудан бас тарту талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талаппен сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтіреді.
 
Талапты қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
 
Судья талапты қабылдаудан мына жағдайларда бас тартады:

  1. арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
  2. сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде ҚР АПК-де көзделген негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;
  3. сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде төрелік шешім қабылданған болса және бұл сотқа белгілі болса;
  4. сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша атқарушылық жазба жасалған болса.

Талапты қайтару

Соттағы өкілдік

Азаматтар сотта өз істерін жеке өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы.
 
Азаматтың іске жеке қатысуы оның осы іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Заң көмегін алуға қатысты жалпы ұсынымдар

Заң көмегін:
— адвокат;
— заң консультанты көрсете алады.
 
Адвокаттар мен заң консультанттары туралы ақпарат алуға арналған цифрлы ресурстар:

Қарсылық білдіру

Істі сот талқылауына дайындау

Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданып, азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында оны сот талқылауына дайындайды.
 
Егер ҚР АПК-де және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Талапқа сын-пікір

Жауапкер сотқа талапқа қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды қоса бере отырып сын-пікір, сондай-ақ сын-пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 
 
Судья үш жұмыс күні ішінде сын-пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді не табыс етеді.
 
Сын-пікір талаптың көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Дәлелдеу міндеті

Әрбір тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғау құралдарын пайдалануға, фактілерді мәлімдеуге және даулауға, дәлелдемелер келтіруге және судья белгілеген, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін әрі іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған мерзімдерде дәлелдемелерге қарсы қарсылықтар білдіруге тиіс.

Сот процесіне дайындық

Талап қоюшыны дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі — сот ісін талдау және істің ықтимал нәтижесін болжау. 
 
Мұндай болжамды (талдауды) адвокаттан (заң консультантынан) сұратуға болады, алайда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы адвокаттар мен заң консультанттарына істің жүз пайыздық нәтижесіне уәде беруге тыйым салады.
 
Істі талдаудың (оның нәтижесіне болжам жасаудың) балама тәсілі — талап қоюшының дербес талдауы. Мұндай талдауға арналған ресурс — https://legalexpert.kz
 
Талап қоюшының сот процесіне дайындығы мыналарды қамтуы мүмкін:

  1. талап қою арызын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу, іс бойынша ұстанымның негізгі тұстарын айқындау;
  2. талап қою талаптарын нақтылау;
  3. талап қою талаптарын азайту/ұлғайту;
  4. қажет болған жағдайда іс материалдарына қоса тіркеу үшін қосымша дәлелдемелер жинау;
  5. жауапкердің пікіріне қарсылық дайындау;
  6. талап қоюшы өз бетінше ала алмайтын дәлелдемелерді талап етіп алдыру туралы сотқа өтінішхат дайындау (мысалы, сараптама тағайындау);
  7. жауапкердің (оның өкілінің) ықтимал сұрақтарын алдын ала ойластыру, оларға шамамен берілетін жауаптарды дайындау;
  8. сотта жауапкерге қойылатын сұрақтардың тізімін жасау;
  9. құжаттарды егжей-тегжейлі зерделеу, жауапкердің құжаттарындағы және қарсылықта (пікірде) көрсетілген ақпараттағы сәйкессіздіктерді (айырмашылықтарды) анықтап, сот отырысында сол айырмашылықтарға назар аудару;
  10. іс бойынша куәларды шақыру қажеттігі туралы мәселені шешу.

Алдын ала сот отырысы

Істі сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардың істі сот талқылауына дайындау кезінде жасаған билік ету әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту, сондай-ақ сотқа жүгіну мерзімдері мен талап қою мерзімінің өтіп кету фактілерін зерттеу мақсатында алдын ала сот отырысы өткізіледі.

Татуластыру рәсімдері

Сот (судья) тараптарды татуластыру шараларын қабылдайды, процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдеседі, бұл үшін тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді.
 
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісін орындау кезінде жасалуы мүмкін.

Талап қоюдан бас тарту

Талап қоюшы бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда жазбаша арыз беру арқылы сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін талап қоюдан бас тартуға құқылы.

Сот талқылауы

Азаматтық істі қарау мерзімі оның нақты күрделілігіне және іске қатысатын тұлғалардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
 
Азаматтық істер сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде сотта қаралады және шешіледі.

Сот шешімі

Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы соттың сот актісі шешім нысанында шығарылады.
 
Егер шешімге шағым берілмесе немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, бірінші сатыдағы соттың шешімі апелляциялық шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

Талапты қараусыз қалдыру

Апелляциялық шағым жасау

Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі.
 
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.
 
ҚР АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап бір ай ішінде, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар шешімнің көшірмесі оларға жіберілген күннен бастап берілуі мүмкін.
 
Апелляциялық сатыдағы сотта іс, ҚР АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, сотқа келіп түскен күннен бастап 2 ай мерзімде қаралады.

Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот актілерін қайта қарау

Гражданское судопроизводство (ответчик) КК

Сот процесіне жауапкер ретінде қатысу

Сот процесіне жауапкер ретінде іс жүзінде қатысу соттылықтың түріне және талаптың қай сотқа берілгеніне қарай айқындалады.

ҚР АПК-не сәйкес жауапкерге талап мына сотқа берілуі мүмкін:

Тиісті емес жауапкер

Жауапкерді ауыстыруға бірінші сатыдағы сотта істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жол беріледі. 
 
Сот талаптың ол бойынша жауап беруге тиіс емес тұлғаға берілгенін анықтаса, талап қоюшының өтінішхаты бойынша істі тоқтатпай, тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға жол бере алады.
 
Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға келіспесе, сот істі берілген талап бойынша қарайды және шешеді.

Соттағы өкілдік

Азаматтар сотта өз істерін жеке өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы. 
 
Азаматтың іске жеке қатысуы оның осы іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Заң көмегін алуға қатысты жалпы ұсынымдар

Заң көмегін:
— адвокат;
— заң консультанты көрсете алады.
 
Адвокаттар мен заң консультанттары туралы ақпарат алуға арналған цифрлы ресурстар:

Қарсы талап

Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талаппен бірге қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап беруге құқылы.

Қарсы талапты қабылдау шарттары

Судья қарсы талапты мына жағдайларда қабылдайды:

  1. қарсы талап бастапқы талапты есепке жатқызуға бағытталса;
  2. қарсы талапты қанағаттандыру бастапқы талапты қанағаттандыруды толық немесе ішінара жоққа шығарса;
  3. қарсы және бастапқы талаптардың арасында өзара байланыс болып, оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым тез әрі дұрыс қарауға әкелсе.

Қарсы талапты қабылдаудан бас тарту

Талапты қабылдаудан бас тарту туралы мәселені судья талап келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде шешеді.
 
Талапты қабылдаудан бас тарту талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талаппен сотқа қайта жүгінуіне кедергі келтіреді.
 
Талапты қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.
 
Судья талапты қабылдаудан мына жағдайларда бас тартады:

  1. арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
  2. сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде ҚР АПК-де көзделген негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;
  3. сол тараптар арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде төрелік шешім қабылданған болса және бұл сотқа белгілі болса;
  4. сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша атқарушылық жазба жасалған болса.

Қарсы талапты қайтару

Қарсылық білдіру

Істі сот талқылауына дайындау

Арыз соттың іс жүргізуіне қабылданып, азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатында оны сот талқылауына дайындайды.
 
Егер ҚР АПК-де және басқа да заңдарда өзгеше белгіленбесе, азаматтық істерді сот талқылауына дайындау талап соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Талаптың көшірмесін жауапкерге табыс ету

Талапқа пікір

Жауапкер сотқа талапқа қатысты дәлелдерді теріске шығаратын құжаттарды қоса бере отырып пікір, сондай-ақ пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
 
Судья 3 жұмыс күні ішінде пікірдің және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді не табыс етеді.
 
Пікір талаптың көшірмесін алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Пікірдің мазмұны

Өкіл ұсынатын және қол қоятын пікірде қарсылықтар негізделген дәлелдемелерге және заң нормасына сілтеме болуға тиіс.
 
Пікірде істі дұрыс және уақтылы қарауға қажетті телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
 
Жауапкердің пікір мен дәлелдемелерді ұсынбауы істі іс материалдарында бар дәлелдемелер бойынша қарауға кедергі келтірмейді.
 
Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды.
 
Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса беріледі.
 
Электронды құжат нысанында берілген пікір жауапкердің немесе оның өкілінің электрондық цифрлы қолтаңбасымен куәландырылады. 
 
Электронды құжат нысанында берілетін пікірге ҚР АПК-нің 166-бабында көрсетілген құжаттардың көшірмелері электронды нысанда қоса беріледі.

Пікірде мыналар көрсетіледі:

  1. талап қоюшының атауы, оның орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;
  2. жауапкердің атауы, оның орналасқан жері; егер жауапкер азамат болса, оның тұрғылықты жері көрсетіледі;
  3. мәлімделген талаптардың мәні бойынша оларды негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасалған уәждер;
  4. пікірге қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

Дәлелдеу міндеті

Әрбір тарап өз талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғау құралдарын пайдалануға, фактілерді мәлімдеуге және даулауға, дәлелдемелер келтіруге және судья белгілеген, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін әрі іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған мерзімдерде дәлелдемелерге қарсы қарсылықтар білдіруге тиіс.

Жауапкердің сот процесіне дайындығы мыналарды қамтуы мүмкін

Жауапкердің сотқа дайындығы оның талаппен келісетініне немесе келіспейтініне байланысты. 
 
Келіскен жағдайда бұл талапқа берілетін пікірде көрсетілуі мүмкін және тұтастай алғанда жауапкерді қосымша дайындау қажеттігін жояды.
 
Талаппен келіспеген жағдайда жауапкердің сот процесіне дайындығы мыналарды қамтуы мүмкін:
— іс бойынша өз ұстанымын негіздейтін дәлелдемелер жинау;
— іс бойынша жазбаша қарсылықтар дайындау;
— қажет болған жағдайда қарсы талап беріп, оған құжаттар жинау;
— талап қоюшының ықтимал сұрақтарын ойластырып, оларға жауаптар дайындау;
— қажет болған жағдайда сотқа өтінішхаттар дайындау (мысалы, сараптама тағайындау);
— сотқа қандай куәларды шақыруға болатынын ойластырып, соттан олардан жауап алуды сұрау.
 
Жауапкерді дайындаудың маңызды кезеңдерінің бірі — сот ісін талдау және істің ықтимал нәтижесін болжау. Мұндай болжамды (талдауды) адвокаттан (заң консультантынан) сұратуға болады, алайда Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасы адвокаттар мен заң консультанттарына істің жүз пайыздық нәтижесіне уәде беруге тыйым салады.
 
Істі талдаудың (оның нәтижесіне болжам жасаудың) балама тәсілі — жауапкердің дербес талдауы. Мұндай талдауға арналған ресурс — https://legalexpert.kz

Алдын ала сот отырысы

Істі сот талқылауына дайындау нәтижелері бойынша тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғалардың істі сот талқылауына дайындау кезінде жасаған билік ету әрекеттерін процестік тұрғыдан бекіту, сондай-ақ сотқа жүгіну мерзімдері мен талап қою мерзімінің өтіп кету фактілерін зерттеу мақсатында алдын ала сот отырысы өткізіледі.

Татуластыру рәсімдері

Сот (судья) тараптарды татуластыру шараларын қабылдайды, процестің барлық сатыларында дауды реттеуге жәрдемдеседі, бұл үшін тараптарға татуластыру рәсіміне қатысуға шақыру жібереді.
 
Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісін орындау кезінде жасалуы мүмкін.

Сот талқылауы

Азаматтық істі қарау мерзімі оның нақты күрделілігіне және іске қатысатын тұлғалардың мүдделеріне сәйкес келуге тиіс.
 
Азаматтық істер сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап 2 айға дейінгі мерзімде сотта қаралады және шешіледі.

Сот шешімі

Істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы соттың сот актісі шешім нысанында шығарылады.
 
Егер шешімге шағым берілмесе немесе прокурор апелляциялық өтінішхат келтірмесе, бірінші сатыдағы соттың шешімі апелляциялық шағым беру, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

Шығыстарды тараптар арасында бөлу

Жалпы қағида бойынша пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот екінші тараптан іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын өндіріп береді. 
 
Егер талап ішінара қанағаттандырылса, шығыстар талап қоюшыға сот қанағаттандырған талап қою талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде, ал жауапкерге талап қоюшыға талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде беріледі.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

Талапты қараусыз қалдыру

Апелляциялық шағым жасау

Апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім шығарған сот арқылы беріледі.
 
ҚР АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап 1 ай ішінде, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар шешімнің көшірмесі оларға жіберілген күннен бастап берілуі мүмкін.